Апостиль дегеніміз не? Оны қалай және қай жерде алуға болады? Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 18.09.2025
Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
- ҚР Әділет министрлігі;
- ҚР Ғылым және жоғары біліи министрлігі;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі;
- ҚР Ішкі істер министрлігі;
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң;
- ҚР Сот әкімшілігі;
- ҚР Қаржы министрлiгі;
- ҚР Бас прокуратурасы;
- ҚР Қорғаныс министрлігі.



