Айдар парағына өту

Қазақстандағы почта: жөнелтімдерді супермаркетте немесе постаматта алу Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 17.11.2025

kazpost логотипі

Поштаматтарды қалай қолдану керек?

Поштамат – пошталық ақша аударымын қоспағанда, пошта жөнелтілімдерін қабылдауға, жіберуге, сақтауға, жеткізуге (табыс етуге) және алуға арналған автоматтандырылған құрылғы. Поштаматтар пошта жөнелтілімдерін (салмағы 20 кг-ға дейін) жеткізудің балама әдісі болып табылады, оның көмегімен пошта қызметкерінің қатысуынсыз сәлемдемені өз бетінше алуға болады. Поштаматтар қолжетімді жұмыс кестесі бар трафик көп жерлерде (сауда орталықтары, пошта бөлімшелері, супермаркеттер және т.б.) орналасады, яғни сәлемдемені демалыс күндерін қоса алғанда, клиентке ыңғайлы уақытта алуға болады.

Қазақстан бойынша Республикалық маңызы бар қалаларда, облыс және аудан орталықтарында орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның 151 поштаматы бар.

Курьер сәлемдемені поштаматқа салғаннан кейін, клиентке сәлемдемені алу үшін сілтемесі бар SMS хабарлама келіп түседі. Клиент поштаматқа келіп, ұялы телефонындағы сілтемені басып, «Ұяшықты ашу» батырмасын басып, камераның көмегімен поштаматта орналасқан QR кодын сканерлейді. Осыдан кейін поштаматтың тиісті ұяшығы автоматты түрде ашылады, клиент сәлемдемесін алып, ұяшық есігін жабады.

Сәлемдеме супермаркетінде сәлемдемені қалай алуға және жіберуге болады?

Сәлемдемелер супермаркеті – өзіне-өзі қызмет көрсету форматы, ол екі аймаққа бөлінеді: ҚР бойынша пошта жөнелтілімдерін алу және жіберу.

Пошта жөнелтілімін алу үшін клиентке сәлемдеменің пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-кодын) немесе сәлемдеме супермаркетінде орнатылған арнайы терминалда ұялы телефон нөмірін енгізу қажет.

Аталған терминал жүйеде сұралған пошта жөнелтілімін анықтаған соң, пошта жөнелтілімі орналасқан қатардың және торкөздің нөмірі көрсетілген талонды береді. Клиент залға барып, қажетті қатар мен ұяшықты тауып, пошта жөнелтілімін алуы керек.

Сәлемдемелер супермаркетінің шыға берісінде орналасқан кассада клиент пошта жөнелтілімін және жеке басын куәландыратын құжатты пошта операторына ұсынады, ол сәлемдеме туралы деректерді және салынған үстеме төлем сомасын төлеу қажеттілігін тексеруді жүзеге асырады да пошта жөнелтілімін тапсыруды тіркейді.

Сондай-ақ, сәлемдемелер супермаркетінде клиент сәлемдемені Қазақстанның кез келген елді мекеніне өз бетінше жібере алады. Сәлемдемені жіберу үшін клиент гофроыдысты (ыдыс, қаптама) сатып алады, оның құнына ҚР бойынша жөнелту ескерілген және сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-коды берілген.

Өзінің сәлемдемесін арнайы бөлінген аймақта орап, клиент сәлемдемені жөнелтуді ресімдеу бойынша белгіленген терминалға өтеді, «Жөнелту» батырмасын басады, гофроыдысқа жапсырылған әріптік-цифрлық штрих-кодты сканерлейді, «Жөнелту» батырмасын қайтадан басады және терминал берген талонды сақтайды. Барлық әрекеттер аяқталғаннан кейін сәлемдемені әрі қарай тасымалдау үшін сөреде қалдыру керек.

Пошта жөнелтілімі пошта бөлімшесінде, поштаматта және сәлемдемелер супермаркетінде қанша уақыт сақталады?

Сәлемдеме пошта бөлімшесінде немесе сәлемдемелер супермаркетінде 30 күнтізбелік күн сақталады, оның алғашқы 14 күні тегін негізде, одан кейін сақтаудың әр күні үшін 400 теңге мөлшерінде төлем алынады. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін сәлемдеме жіберушіге қайтарылады.

Пошта бөлімшесінде немесе сәлемдемелер супермаркетінде шағын пакетті сақтау мерзімі 45 күнтізбелік күнді құрайды. Шағын пакеттерді сақтау үшін төлем алынбайды. 45 күннен кейін шағын пакет жіберушіге қайтарылады.

Поштаматта сәлемдеме 3 күнтізбелік күн бойы тегін сақталады. Сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін пошта бөлімшесінен сәлемдеме жақын жердегі пошта бөлімшесіне немесе сәлемдемелер супермаркетіне сақтауға жолданады.

Сәлемдеменің немесе хаттың жеткізілуін қалай бақылауға болады?

Әріптік-цифрлық сәйкестендіру штрих-коды (пошталық тіркеу нөмірі) – бұл сәлемдемені немесе хатты қадағалауға және оның орналасқан жерін білуге ​​мүмкіндік беретін бірегей идентификатор болып табылады. Сәлемдемелерді немесе хаттарды «Қазпошта» АҚ-ның https://qazpost.kz/ интернет-ресурсында қадағалауға болады. Сервистің басты артықшылығы - клиент сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих кодты енгізген кезде пошта жөнелтілімін жіберудің және табыстауды барлық кезеңдерін көреді.

Трекинг - сәлемдемені немесе хатты бақылауға мүмкіндік беретін сервис. Пайдаланушы жазылу кезінде трекинг сервисі электрондық пошта, Telegram және SMS арқылы пошта жөнелтілімінің статусы мен орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарламаны жолдайды.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.