ҚР ҰҚК қызметке/оқуға қалай тұруға болады Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 08.12.2025Пайдалы сілтемелер:
Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке/оқуға қабылдау тәртібі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына (бұдан әрі - ҰҚО) келісімшарт бойынша қызметке/оқуға қабылдау «Қазақстан Республикасының Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7, 8, 9, 10-баптарымен реттеледі.
ҰҚО қызметіне келісімшарт бойынша жасы он сегізге толған, бірақ осы Заңда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері, бiлiм деңгейі, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
Жедел бөлімшелерге қызметке жасы 23-тен кіші емес азаматтар (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) қабылданады.
ҰҚО-ға қызметке және ЖОО-ға қабылдау, әдетте, конкурстық негізде екі кезеңде жүзеге асырылады:
2. Соңғы кезең: оқуға ҰҚО-ның ЖОО шарттары арқылы, қызметке – ҰҚК Кадрлар департаментінің шарттары арқылы жүргізіледі.
ҚР ҰҚК Академиясы мен ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға қабылдау «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» ҚР Заңының 10-бабымен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы 39-бабының 1-тармағымен және «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрығымен реттеледі.
ҚР ҰҚК Академиясы – бұл ҚР ҰҚО жедел, техникалық және басшылық қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы оқу орны.
ҚР ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай білім беру бағдарламалары бойынша жүргізеді:
- Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – ұлттық қауіпсіздікті қарсы барлаумен қамтамасыз ету.
- Жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру немесе қосымша білім беру бағдарламасы бойынша.
Сонымен қатар ҰҚО ЖОО-да Шекара қызметінің әскери қызметшілері мен Комитеттің қызметкерлеріне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім беру жүзеге асырылады.
ҚР ҰҚК Шекара академиясы «Шекара қызметінің бөлімшелерін басқару», «Шекара қызметінің бөлімшелерінде тәрбиелік және әлеуметтік процестерді басқару», «Шекаралық бақылау бөлімшелерін басқару, қызметтік жануарларды қолдану», «арнайы мақсаттағы бөлімшелерді қолдану», «жедел қызмет» бойынша 4 жыл мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары әскери оқу орны.
ҰҚО ЖОО-ға және шетел мемлекеттік білім беру ұйымдарына жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуға:
- Орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар.
- Оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер.
- Оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады.
Жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру немесе қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқуға әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
ҰҚО ЖОО-ға түсуге кандидаттар ҰҚК-нің ресми интернет-ресурстарында хабарландырулар орналастырылғаннан кейін, түсетін жылғы 10 қаңтарды қоса алғанға дейін тұрғылықты жері, оқу немесе жұмыс (қызмет) орны бойынша ҰҚК органдарына оқу тілін көрсете отырып, өтініш (баянат) жазады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ҰҚО ЖОО-ға түсетін адамдар өтінішке (баянатқа) қосымша мыналарды ұсынады:
8) әскери қызмет өткергені туралы анықтама (мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар үшін).
Жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ҰҚО ЖОО-ға түсетін адамдар өтінішке (баянатқа) мыналарды қоса ұсынады:
8) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, дипломға қосымшаның көшірмесі (транскрипт).
Шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс жасайтын халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдарында (олардың филиалдарында) білімі туралы құжаттар алған кандидаттар, егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында және халықаралық шарттарында (келісімдерде) өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес берілген тиісті куәлікті ұсынады, сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары және зертханалары берген білім туралы құжаттары білімі туралы құжаттарын тану рәсімін өткізбей Қазақстан Республикасында танылады.
Оқуға зерделеніп отырған кандидатқа мынадай талаптар қойылады:
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл):
- орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар болуы;
- «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген тестілеу нәтижесі шекті деңгейден төмен емес, сондай-ақ тестілеу нәтижесі 50 балдан төмен болмайтын келесі пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (білім алған тілінде) бойынша 5 балдан төмен емес, әр бейіндік пән бойынша 5 балдан төмен емес ҰБТ нәтижелері бойынша сертификат.
2. Жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру немесе қосымша білім беру бағдарламалары бойынша:
- жоғары білімі бар болуы;
- оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес жоғары білімдерінің орта балы 2,67 (В-)-ден төмен емес (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен емес).Жедел бөлімшелерге теңестірілген бөлімшелерге қызметке қабылдануға тілек білдірген кандидаттар өтінішті тұрғылықты немесе жұмыс орындары бойынша ҰҚК органдарына береді.
Жедел бөлімшелерге теңестірілген бөлімшелерге қызметке қабылдануға тілек білдірген кандидаттар өтінішті тұрғылықты немесе жұмыс орындары бойынша ҰҚК органдарына береді.
Өтінішке (баянатқа) қосымша мыналар ұсынылады:
10) жақын туыстарының (ата-анасы, балалары (болған кезде), асырап алушылары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, не зайыбы (жұбайы) немесе оның ата-анасы, асырап алушылары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері және апа-сіңлілері, қарындастары (болған кезде) жеке басын куәландыратын құжаттары мен туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
Қызметке қабылданатын кандидаттарға мынадай талаптар қойылады:
1. Офицерлік құрамның лауазымына:
- жоғары білімі бар болуы;
- оқу жетістіктерін бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес жоғары білімдерінің орта балы 2,67 (В-)-ден төмен емес (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен емес).
2. Сержанттық құрамның лауазымына:
- болжанып отырған қызметтік іс-қимылдың бейіні бойынша ұқсас ортадан кейінгі немесе жоғары білімі бар болуы;
- қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер;
- қатардағы жауынгерлер (матростар), запастағы сержанттар (старшиналар).
Қызметке/оқуға кандидаттар міндетті түрде қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ кандидат пен оның жақын туыстарына арнайы тексеру жүргізіледі.



