Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпаратты ұсыну
Қызметті онлайн алу Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі веб-ресурсында (rsp.gov.kz)
- Көрсетілген бетте «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет, содан кейін жаңа терезеде Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (rsp.gov.kz) веб-ресурсы ашылады.
- «Заңды тұлғаның ЭЦҚ арқылы верификациядан өту» батырмасын басу.
- ЭЦҚ құпия сөзін енгізу, содан кейін жүйе тиісті анықтаманы автоматты түрде қалыптастырады.
- Беттің төменгі бөлігінде (қалыптасқан анықтама астында) «Жүктеп алу» батырмасын басу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Нысан бойынша электрондық түрде кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама.



