Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау
Қызметті онлайн алу
- Қызметті алу үшін keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелу қажет. Авторизациядан кейін «Кеден» ААЖ негізгі мәзірінен «Жүйеге кіру» батырмасын басу арқылы қолжетімді модульдерді көруге болады.
- «Алдын ала шешімдер» модулін таңдап, «Тауардың жіктелуі туралы алдын ала шешім қабылдау туралы» өтінішті жасау қажет.
- Сайттағы барлық қажетті жолдарды толтырып, сұраныстыЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет.
- Өтініштің қаралу мәртебесін «keden.kgd.gov.kz» порталындағы жеке кабинеттен қадағалауға болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім алу үшін:
Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы (тауар белгісі), тауардың негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамалары және тауарды біржақты жіктеуге мүмкіндік беретін өзге де ақпарат, сондай-ақ тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін кедендік алымның төленгені туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
- Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдағаны үшін кедендік алымды төлеу туралы құжаттың көшірмесі.
Қажет болған жағдайда кедендік сараптама жүргізу үшін тауардың сынамалары және (немесе) үлгілері, сондай-ақ өтініш берушінің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары және басқа да құжаттар ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші қазақ немесе орыс тілі болып табылмайтын тілде жасалған, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы.
Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім белгілі бір марканы, модельді, артикулды және модификацияны қамтитын тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.
Тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешім нақты елден Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауардың әрбір атауы бойынша қабылданады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мен мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса немесе толық көлемде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушіге тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды жібереді.
Қосымша ақпарат көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қосымша ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды жіберген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
Телнұсқаны алу үшін:
- Еркін нысандағы өтініш.
Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешімнің телнұсқасында алдын ала шешімнің түпнұсқасында қамтылған барлық мәліметтер, оның ішінде тауарды жіктеу туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі мен қабылданған күні көрсетіледі және «Телнұсқа» белгісі қойылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелуі туралы алдын ала шешім беру, бұдан алынған алдын ала шешімнің дубликатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



