Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациялау және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- keden.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұрауына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрауына қол қою. «keden.kgd.gov.kz» порталдағы өтінішті қарау мәртебесін қадағалау.
Өтінішке мәлімделген мәліметтерді растайтын электрондық түрдегі мынадай құжаттар қоса беріледі:
- «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-тарауына сәйкес кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы мәліметтер.
- Кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін, тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдарының меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері.
- Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;
- Егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсаттың болуын талап етсе, мұндай қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кеден тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы шешім, хабарламамен немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



