Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру
Қызметті онлайн алу
- Жүйеге кіріңіз және «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



