Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау
Қызметті онлайн алу
- Қызметті алу үшін keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелу қажет. Авторизациядан кейін «Кеден» ААЖ негізгі мәзірінен «Жүйеге кіру» батырмасын басу арқылы қолжетімді модульдерді көруге болады.
- «Алдын ала шешімдер» модулін таңдап, «Тауарды жиналмаған күйінде жіктеу туралы шешімге» өтінішті жасау қажет.
- Сайттағы барлық қажетті жолдарды толтырып, сұранысты ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою қажет.
- Өтініштің қаралу мәртебесін «keden.kgd.gov.kz» порталындағы жеке кабинеттен қадағалауға болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесі.
- Өздерінің негізінде құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданатын құжаттар (жұмыс істеу қағидаты мен функциялар көрсетіле отырып, тауардың және оның құрауыштарының техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның құрауыштары өндірілген материалдардың сипаттамасы, жинау сызбалары, схемалар, мүмкін болса тауардың фотосуреттері, оны өндірушілердің каталогтары, бейнематериалы, егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі).
Қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.
Өтініш құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде әкелінген тауардың бірінші партиясына қатысты кедендік рәсіммен (кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда) орналастыру үшін декларант берген тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркегенге дейін беріледі.
Егер өтініш иесі ұсынған құжаттар мен мәліметтер құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдауға жеткіліксіз болса, уәкілетті орган немесе аумақтық кеден органы құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иесін қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Қосымша ақпарат өтініш иесі жазбаша хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынылуға тиіс.
Қызмет көрсету нәтижесі
Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.



