Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (еркін бекіту-мұндай ауысым жылына 2 рет мүмкін), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады.
ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы № 194 бұйрығымен бекітілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларының 25-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 1 жұмыс күні көрсетіледі (пациент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес күндер өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Егер қызмет көрсетудің регламенттік мерзімі асып етсе, тіркелуге сұраныс жіберілген медициналық ұйымға жүгініңіз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
МСАК көрсететін ұйымдарда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Зейнеткер куәлігі – зейнеткерлер үшін.
- Мүгедектігі бар адамдар үшін - зейнеткер куәлігі не медициналық–әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді көшірме.
- Сот шешімі не қорғаншылық пен қамқоршылықты растайтын өзге де құжат - бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және оларды алмастыратын басқа да адамдар үшін ҚР заңнамасына сәйкес баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, білім беруді, тәрбиелеуді, қорғауды жүзеге асыратын адамдар (заңды өкілдер).
- Өңірлердің «Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемелері бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде МСАК-қа халықты бекіту (бекітуден шығаруды) мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы – сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында, колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін.
- Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін.
- Медреседе білім алушылар үшін (18 жасқа дейінгі балалар) қадамдық қолжетімділік қағидатын сақтауды ескере отырып, әкімшілік-аумақтық бірлік жері бойынша заңды өкілдерінің ресми өтініші.
- Жоғары оқу орны ректорының МСАК - қа ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссия хаттамасы-басқа қалалардан келген студенттер үшін (18 жасқа дейінгі балалар).
- Шет мемлекетте туғанын растайтын құжат – шет мемлекетте туған балалар үшін.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі –сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқаларының қамқорындағылар үшін.
- Сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша бекітуді ресімдейтіндер.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында бекітілген туралы хабарлама.
2. Дәлелді бас тарту.



