Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу (уақытша сақтау қоймалары, еркін қоймалары, кеден қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары)
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациялау және «Онлайн сұрау» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- keden.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұрауына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұрауына қол қою. «keden.kgd.gov.kz» порталдағы өтінішті қарау мәртебесін қадағалау.
Кеден саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының лауазымды адамы көрсетілетін қызметті алушының үй-жайлары мен аумақтарын «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабының 3-тармағына сәйкес Кодекстің 165-бабының 3-тармағында, 503-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 510-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында және 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне қарап тексеруді жүргізеді.
Үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
- Уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың.
мыналардың:
- Тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың.
- Орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісіне қоса беріледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісінің бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Хабарламасы бар уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап (хабарлама).



