Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімін.
- Баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және немесе егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) соңғы 12 ай үшін табысы туралы мәліметтерді.
- Бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және егер ол некеде тұрса оның жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда, қызмет алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Неке қию туралы куәлік (егер некеде тұрса) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат («АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда талап етіледі).
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификат (жақын туыстарын қоспағанда) береді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бала қонақтайтын отбасына қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



