Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет)
Қызмет көрсету нәтижесі
Психологиялық даярлаудың үш айлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін оның аумағында тұрақты тұратын және отбасына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдағысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына 7 жұмыс күні ішінде психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.



