Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сіз keden.kgd.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- keden.kgd.gov.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және сұрауына ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба). «keden.kgd.gov.kz» порталдағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалау.
Электрондық түрдегі өтінішке қоса беріледі:
- Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар (куәлік немесе құқық беру туралы, оның ішінде лицензиялық шарт не Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме немесе халықаралық тіркеу бойынша тауар белгісінің құқықтық мәртебесі туралы анықтама (үзінді көшірме) немесе құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар).
- Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін адамға берген сенімхат.
- Зияткерлік меншік объектілері бар түпнұсқа тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылу белгілері бар тауарлардың айрықша белгілерінің бейнелері.
- Зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін, оларға қатысты олардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған болып табылатын тауарлар деген болжам жасалған – егер тауарлардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарлар болып табылмайтыны анықталса, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның декларантқа және өзге тұлғаларға мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі.
- Сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі. Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Қызмет көрсету нәтижесі
Құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға уәкілетті органның тиісті шешімі туралы кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етіледі.



