Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
1. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің (үй, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғынжайдың, ғимарат немесе үй-жай иесінің өзінің қатысуы) жеке басын куәландыратын құжаты немесе оның цифрлық нысаны және тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімі.
2. Жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат немесе оның цифрлық нысаны (14 жасқа толған балалар – туу туралы куәлік).
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Уақытша тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап.



