Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Ата-аналары туралы мәліметті (ата-анасының қайтыс болуы, ата-ана құқықтарының шектелуі немесе олардан айрылуы, ата-анасының хабар-ошарсыз кетті деп танылуы, олардың қайтыс болды деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылуы, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі, ата-анасының іздестірілуі, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, оның ішінде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесінен алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайлар).
- Оқу немесе жұмыс орнынан анықтаманы ұсынады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жасөспірімдер үйіне қабылдау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



