Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді кезекке қою
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін кезекке қою туралы хабарлама немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.



