Айдар парағына өту

Онлайн сақтандыру Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 08.12.2025

 глобус және ноутбук

Дүниежүзілік Интернет желісін пайдалану әрбір ересек қазақстандықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта онлайн режимде сатып алулар жасалады, билеттер брондалады, коммуналдық қызметтер, кредиттер төленеді, шоттар толтырылады және тағы басқа қызметтер іске асырылады. Бұл үрдіс Қазақстанның сақтандыру нарығын да айналып өткен жоқ.  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн режимінде электрондық нысанда сақтандыру полисін сатып алуға болады. Бұл сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 25 сақтандыру компаниясына, оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 10  компанияға және жалпы сақтандыру бойынша
15 компанияға өздерінің интернет-ресурстарында қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Әлемдегі заманауи технологиялардың қарқынды дамуы мобильді, жедел және сапалы қызмет көрсетуді  талап етеді. Бұл жерде онлайн қызметтер алудың артықшылығы сөзсіз.  Сақтандыру нарығында онлайн қызмет алу мүмкіндігі айтарлықтай уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Сақтандыру компаниясының кеңсесіне бару сіздің бірнеше сағат уақытыңызды алуы мүмкін, ал сайтта сақтандыру шартын жасасу бірнеше минутты алады. Бұл ретте сайтта сақтандыру полисін алу үшін ешқандай құжаттар талап етілмейді, тек жеке деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, телефон нөмірі және т.б.) дұрыс толтыру жеткілікті.

Сайттардағы ақпараттың қолжетімділігі сақтандыру шарттарын мұқият зерделеуге мүмкіндік береді, ал сақтандыру калькуляторы ықтимал жеңілдікті ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысын бірден есептеп береді.

Сақтандырудың кеңінен таралған түрлерінің бірі –  көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша I және II топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге, ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне полис құнының 50%-ы мөлшерінде міндетті түрде жеңілдік беріледі.

Бұл ретте, сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері «бонус-малус» жүйесі шеңберінде жеке тәртіпте берілген сыныпқа тікелей байланысты екенін айта кету керек, ол, өз кезегінде, нақты жүргізушінің сақтандыру жағдайларының (аварияға ұшырауға бейімділігі) санына байланысты болады. Сондықтан аварияға ұшырау деңгейі жоғары автокөлік жүргізушісі үшін сақтандыру полисінің құны аварияға ұшырау деңгейі төмен адамға қарағанда әрқашан жоғары болады.

Бірыңғай сақтандыру дерекқоры арқылы сақтандыру компаниялары мемлекеттік дерекқорында және ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерге қол жеткізе алатындығына байланысты сақтандыру компанияларының сайттарында толтырылатын ақпараттың көп бөлігі тексеруден өтеді, нәтижесінде қателіктер жіберу тәуекелі барынша азаяды.

Сақтандыру полисіне ақы төлеу жүзеге асырылғаннан кейін сақтанушының электрондық пошта мекенжайына немесе мобильді телефон нөміріне шарттың бірегей нөмірін көрсете отырып сақтандыру шартын жасау туралы сақтандыру компаниясынан және бірыңғай сақтандыру дерекқорынан хабарламалар жіберіледі. Кейіннен сақтандыру компаниясының сайтында немесе бірыңғай сақтандыру дерекқорында сақтандыру шартының бірегей нөмірі бойынша сақтандыру полисінің жарамдылығын тексеруді жүзеге асыруға болады.

Осылайша, онлайн сақтандыру сақтандыру компаниясының бланкінде қағаз сақтандыру полисінің болмауын болжайды. Ресімделген сақтандыру полистері бойынша барлық ақпарат сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесінде және Бірыңғай сақтандыру дерекқорында сақталады. Мысалы, автокөлік құралдарының жүргізушілерінде оны жол полициясы қызметкерлеріне көрсету үшін басып шығарылған сақтандыру полисі болмауы мүмкін, себебі барлық ақпарат Бірыңғай сақтандыру дерекқорына сұрау салу арқылы тексерілуі мүмкін.

Онлайн-сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларының сервисі сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) жасау кезінде көрсетілген тіркелген телефон нөмірі немесе e-mail бойынша бұрын жасалған сақтандыру шартын өзгерту, қайта ресімдеу немесе мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігін де болжайды. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру компаниясының сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы сақтандыру төлеміне электрондық немесе сканерленген құжаттарды тіркеу арқылы өтініш беруге болады.

Онлайн-сақтандырудың артықшылықтары даусыз - жоғарыда жазылғандардан басқа, сақтандыру полисін тәулік бойы режимде рәсімдеуге болады, сақтандыру агентінің қызметтерін пайдалану қажеттілігі жоқ, сақтандыру полистерінің жарамсыз бланкілерін қолдан жасау немесе беру бойынша алаяқтық әрекеттердің қаупі айтарлықтай азаяды.

Сонымен қатар, сақтандыру кез-келген жағымсыз жағдайлар мен оқиғалар туындаған кезде азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесі болып табылатындығын атап өткен жөн. Сақтандыру көрсету тәсіліне қарамастан - электрондық немесе қағаз түрінде халықтың мүліктік мүдделерін әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз етудің неғұрлым орнықты нысандарының қатарына жатады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.