Әскери қызметкерлерге арналған жеңілдіктер Баспаға шығару нұсқасы
Cоңғы өзгеріс: 12.12.2025Пайдалы сілтемелер:

Мемлекет шамадан тыс жүктемеде, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы шарттарында әскери қызметті атқаруға байланысты әлеуметтік қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдауды көздейді. Біздің ел әскери қызметкерлердің өздеріне де, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне де қажетті көмекті көрсетуге тырысады. Қазақстанда нормативтік құжаттарға сәйкес әскери қызметкерлерге белгілі бір жеңілдіктер бар. Осы жеңілдіктерді біз осы мақалада толық сипаттап береміз.
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Осы Заңның мақсаттары үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне:
3) ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болған он сегіз жастан асқан баласы (балалары) жатады.
Мемлекет есебінен әскери қызмет мерзіміне тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Әскери қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету
Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
- "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
- "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдер болған кезде мемлекет есебінен санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.



