Қызметті онлайн алу
- Көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат).
- SMS алу мүмкіндігі бар телефонның болуы.
- Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера (немесе камерасы бар ұялы телефон) болуы керек.
- ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет.
Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін сілтеме бойынша өтіп, нұсқауларға сәйкес кері қайтаруды аяқтаңыз.
Тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығынан (ЭЦҚ кілттері) жеке өзі және биометриялық сәйкестендіру шартымен ғана ала аласыз. Биометриялық сәйкестендіру сәтсіз өткен немесе жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін қызметті алушының фотосуреті болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жеке компьютерде ЭЦҚ кілттерін алуға өтінішті 5 сәтсіз әрекеттен кейін пайда болған сілтемені пайдалана отырып береді, содан кейін жеке сәйкестендіру және оны растау үшін Тіркеу орталығына (Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе шетелдік мекемеге (pki.gov.kz сайтындағы тізім)) хабарласады.
Қызмет көрсету нәтижесі
1) Электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктерін беру.
2) Кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірлерін орналастырумен тіркеу куәліктерін кері қайтару.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



