Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз..
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Жіберілетін диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері.
Қызмет көрсету нәтижесі
Стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.



